ҚАУІПСІЗ ЖОЛ
ҚР ІІМ-нің 14.02.2018 жылғы №1-5-4-122/624-И санды нұсқаулығына сәйкес үстіміздегі жылы ақпан айының 19-21 күндері облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол ережелерін өрескел бұзушылықты, көлікті мас күйінде басқаруды болдырмау мақсатындағы профилактикалық іс-шарада аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысты. Әсіресе, осы күндері жауын-шашынның әсерінен жолдың тайғақ болуына байланысты жол ережесін бұзушылықтың алдын алу, жол көлік оқиғаларын болдырмау бағытында қатаң бақылау жүргізді. Мұндай кездері аса сақтық танытып, көлікпен жүргенде жылдамдықты арттырмау қажеттілігін түсіндірді. Сонымен қатар, тексерістер жүргізіп, ескертулер берді. Жедел профилактикалық іс-шара барысында оның мақсатын түсіндіріп, жол қозғалысында қауіпсіздікті сақтауды ескертті.
«ТТ»-ақпарат
Пікір 1