Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Балық шаруашылығы дамиды

Балық шаруашылығы дамиды

Жетікөл ауылының аты айтып тұрғандай, бұл маңда көлдер көп. Бүгінде елді мекен аумағында «Маңабай», «Раушан», «Үшкөң», «Жетікөл» көлдері бар. Ауыл халқы осы көлдер арқылы нәпақаларын тауып келеді.
Аталған көлдердің ең үлкені – «Жетікөл» көлі. Бұл көл «Жүзенбай» шаруа қожалығының иелігінде. Ауыл іргесіндегі көл балық шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сондықтан бұл жерге 4000-5000-ға жуық шабақ жіберіп, балық шаруашылығын дамыту көзделіп отыр.
Негізі, аталған көл «Жыңғылдыкөл» каналынан су алады. Бұл көлге соңғы 4 жылдың көлемінде су келмей, табаны көрініп, бөлініп қалған көрінеді. Ал биыл канал арқылы су жіберіліп, толтырылған.
– Ауылымыз аудан орталығынан шалғай орналасқанымен, қалаға жақын. Сондықтан ауыл тұрғындары еңбектеніп, облыс орталығын бақша дақылдарымен, балықпен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты биыл «Жетікөл» көлінің суын толтырып, енді оған балық ша­бақтарын жіберуді ұйымдастырамыз. Сол арқылы ауылда балық шаруашылығы дамиды, – дейді «Жүзенбай» шаруа қожалығының өкілі Ж.Сәрсенбаев.

Е.БЕРКІНБАЕВ
11 қыркүйек 2021 ж. 747 0