Ардагерлерді екпе қабылдауға шақырамын

Дәрігерлердің тексерісінен кейін орталық аурухана базасында екпе қабылдадым. Екпеден кейін дәрігерлік бақылауда болып, тексерістен өттім. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Денсаулық сақтау саласының мамандары күтініп, жылы жүруім қажет екенін және бірнеше күн сұйық тағамдарды тұтынуым керектігін айтты. Енді сол кеңесті жауапкершілікпен орындайтын боламын.
Коронавирусқа қарсы вакцина – ғылымның үлкен жетістігі, дерттің дендеуін болдырмайтын алпауыт күш. Мемлекетіміздің халықты тегін вакцинациалауға қомақты қаражат бөліп, бар мүмкіндікті жасап жатқанына ризамын. Бүгінгі таңда коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы – осы екпе болып тұр. Ең алдымен өз денсаулығымызды, отбасымызды, айналамыздағы адамдарды қорғаудың тиімді тәсілі осы болғандықтан азаматтық міндетімізді орындадық. Ауданның барша ардагерлерін екпе қабылдауға шақырамын.
Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы