Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Екпе – барлық аурудың емі

Екпе – барлық аурудың емі

Елімізге және дүниежүзіне зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Біз азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін күш-жігерімізді біріктіруге тиіспіз. Ол үшін барлық аурудың емі болып табылатын екпені міндетті түрде қабылдауымыз қажет.

Менің жасым 84-те. Қызым, немерелерім дәрігер. Осы уақытқа дейін түрлі ауруларға қарсы екпе қабылдап, оның ішінде тұмауға қарсы екпелерді жылда-жыл алып, дерттің бәрін еңсердім. Коронавирус індетіне қарсы сақтық шараларын қаматасыз ету үшін бүгін Сырдария аудандық орталық ауруханасына Қызылорда қаласынан келіп, өзімнің және отбасымның денсаулығы үшін екпе қабылдауды жөн көрдім. Өз отбасымда 18жасқа толған барлығы коронавирусқа қарсы егілген.

Мамандар ең алдымен менің қан қысымымды, дене қызуымды өлшеді. Бұған дейін қабылдаған ем-домдарынды сараптап, екпе қабылдауға жарайтынымды анықтады. Сөйтіп, екпенің бірінші кезеңін алдым. Екпе қабылдағаннан кейін күту залында дәрігерлердің бақылауында болдым. Денемде ешқандай өзгеріс, кері нәтиже болған жоқ.

Қазір екпеге қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Бос сөзге сенуге болмайды. Дәрігерлердің ғана кеңесіне құлақ асқан жөн. Елімізге және әлемге белгілі дәрігерлер екпе қабылдау арқылы қауіпті індетті жеңетінімізді ресми мәлімдеді. Сондықтан үлкен-кішінің бәрі екпе қабылдауы қажет. Өзімнің замандастарымды екпе қабылдауға шақырамын.

Жұмағали МЫРЗАҒАЛИЕВ,
еңбек ардагері.


11 тамыз 2021 ж. 409 0