Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе салдырған адам бақылауда болады

Екпе салдырған адам бақылауда болады

Барлығымызды әбігерге салған індет қайта дендеп барады. Бұл кеселдің жолын ертерек тыймасақ, өткен жылғы күйге түсетініміз анық. Сондықтан індетке тосқауыл болУдЫң бірден-бір жолы – екпе егу. Көпшілік әртүрлі әңгімеге еріп, мұның тиімділігін жоққа шығарғысы келеді. Десе де медицина қызметкері ретінде аурдың емі вакцина екенін анық айта аламын.

Ауданда осыған дейін 100 адам екпе салдырды. Осы жұмыстардың басы-қасында жүріп, вакцина жұмыстарын жүргіздік. Алдымен екпе салдыруға келген тұрғын тіркеліп, оның дене қызуы, қан қысымы, тамыр соғысы, қандағы оттегі өлшеніп, тексеріледі. Барлығы қалыпты болғанда тұрғын келісім парағын толтырып, екпе салдыруға ерікті түрде келіседі. Содан кейін дәрігерлер екпе салдыратын адамның созылмалы аурумен ауырмайтыны, арнайы есепте тұрмайтыны жөнінде сауалнама жүргізеді. Міне осыдан кейін тұрғын арнайы егу бөлмесіне жіберіледі.

Вакцина салдырғаннан кейін де екпе қабылдаушы біздің бақылауымызда болады. Вакцинаның І кезеңі, араға 20 күн салып екінші кезеңін салдырғаннан кейін де біз 30 минут тұрғынның жағдайын күту залында қадағалаймыз. Қолына екпе салдырғаннан кейін болуы ықтимал әсерлері қамтылған жадынама береміз. Сондай-ақ вакцина салдырғаннан кейін 3 күн суға түспей, күтіну керектігін ескертеміз. Одан кейінгі уақытта аймақтық дәрігерлер үй жағдайында екпе салдырған адамның жай-күйін бақылайды. Осылайша, біз ерікті түрде вакцина салдырған адамның жағдайын бақылап, оның індетке қарсы иммунитет қалыптастыруына атсалысамыз.

Жоғарыда айтып өткендей, барша әлем жұрты індеттен құтылудың жолы – екпе салдыру екенін көріп, біліп отыр. Сондықтан баршамыз вакцина салдырып, індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастырайық.

Нұргүл мұхамеджан,
аудандық аурухананың
экспорт мейірбикесі
14 сәуір 2021 ж. 543 0