Екпенің екінші кезеңі: әр азамат жеке жауапкершілік танытуы қажет

Мамандардың "Ем – екпеде, саулық – сақтықта" деп дабыл қаққанына бірнеше ай болды. Соны түсініп, екпе қабылдағандардың қатары көп болғаны анық. Бірақ, әлі де жекелеген азаматтар жеке жауапкершілік танытуы қажет секілді. Ол үшін екпе қабылдаған дұрыс және карантин талаптарын барынша сақтаған абзал.
Кейде тұрғындар "екпенің екі кезеңін қабылдасам болды, бетперде тақпай жүре беруіме болады" деп айтып жатады. Бұл қате пікір. Сақтансаң, сақтайды... Екпе қабылдағаннан кейін де аурудан сақтану керек. Себебі, қауіпті дерттің жұғуы тез әрі одан емделу ұзақ уақытты алуы әбден мүмкін. Дерт дендемеу үшін бетперде киіп,арақашықтық сақтап, жиын-тойларды кейінге шегергеніміз дұрыс.
Біздің редакция ұжымы түгел екпе қабылдады. Мамандар өздері насихаттап, түсіндіріп жүрген соң екпенің тиімділігін түсініп, екпе егудің бірінші кезеңінде белсенділік танытты. Кеше бірқатар маман екпенің екінші кезеңін алып, денсаулық паспортын жеке мұрағаттарына сақтап үлгерді. Осылайша, ұжымдық иммунитет ұғымын қалыптастырдық. Осы орайда, таныстарымды алып-қашпа әңгімеге емес, мамандардың нақты кеңесіне құлақ түріп, екпе қабылдауға шақырамын. Денсаулығымызды күтейік, аман болайық, абыройлы болайық!
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ