Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

№92 газет

19 қараша 2024 ж.

№91 газет

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауданда 8400 адам екпе қабылдады

Ауданда 8400 адам екпе қабылдады

Коронавирус инфекциясы әлемдігі қауіпті індет­тің біріне айналды. Эпидемиялық ахуал күрделеніп, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік болмай тұр. Қазіргі таңда көпшілік қиын кезеңді өткеруде. Індеттің алдын алу үшін екпе салдыру маңызды рөлге ие.

Бүгінде ауданда екпе салудың екін­ші кезеңі жүйелі түрде жүргізілуде. Не­гізінен, аудан бойынша екпені І кезеңде 8400 адам қабылдаған. Ал екінші ке­зеңде 6300 адамға екпе салынған. Аудан тұрғындарына «Спутник V», «ХayatVax», «Каз­ковидИн», «СoronaVac» вакциналары салынуда.

– Қазіргі таңда екпені салу жұмыс­тары Тереңөзек кенті мен барлық елді мекенде жүзеге асырылуда. Аудан бо­йынша 8 бригада ауысыммен жұмыс жасауда. Ерікті түрде екпе алуға келген аудан тұрығындарының денсаулығын жіті бақылауда болып, екпеге қарсы белгілері болған жағдайда сараптамалық тексеруге жіберіледі. Екпе қабылдаған азаматтар дәрігер кеңесіне жүгініп, сақтану шараларын ұстанады. Бұл індетті түбегейлі жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындарын ерікті түрде екпе алуға шақырамын, – дейді аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері Гүлзат Баджанова.

Екпе егу жұмыстары аудандық ауруханада түнгі сағат 23.00-ге дейін жүр­гізілетінін еске саламыз.
22 маусым 2021 ж. 527 0