Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ынтымақ түбі – игілік

Ынтымақ түбі – игілік

Дүйім елді алаңдатқан басты мәселе қуаңшылық болып отыр. Маңдай терімен жиған малынан айырылған жерлестеріміздің көңілі жүдеу. Ырзық-несібесін кәсібі арқылы тапқан шаруалардың қазіргі жай-күйі баршаға аян.

Осыған дейін басымыздан талай қиындық өткені мәлім. Арыс пен Мақтаралда орын алған тосын жағдайлар әлі күнге есімізден кетпейді. Сол кезде Сыр халқы жұдырықтай жұмылып, көршілес жатқан ағайын-туысқа қол ұшын берді. Бар көмегін аянып қалмады. «Ауылы бірдің – ауызы бір» екенін дәледей түсті. Шын мәнінде, өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн.

Қазақ халқы «Ынтымақтың түбі – игілік» деп бекер айтпаса керек-ті. Біздер игілікті істің басы-қасынан табылып, солтүстік аудандардағы шаруаларға барынша қолғабыс ету керекпіз. Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан олардың кәсібі тұралап қалмаса дейміз. Қолдан келгенше мал азығымен қамтамасыз еткен жомарт жандарға алғыс білдіреміз! Қабырғамызды қайыстырған қуаңшылықтан арылатын күн алыс емес. Өйткені, басқа түскен қиындық қатып қалмайды. Әркез қиындыққа тап болған жандарға тілеулеспіз.


Құдайберген ШЫМАНОВ,
Ақжарма ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы
10 шілде 2021 ж. 785 0