Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Біріміз бәріміз үшін

Біріміз бәріміз үшін

Дүние  жүзін дүрбелеңге салған аты жаман  індеттің алдын алу мақсатында  ауыл азаматтары  күш біріктіруді мақсат тұттық.  Ауылымызда орын алған жағдайға  түсіністік танытып, қолдау көрсету үшін қай кезде де   белсенділік танытуға дайынбыз. Ерен еріктілік ежелден келе жатқан  ізгілікті үрдіс. Індетпен күресте ауызбіршілік танытып, қолдан келгенше көмектесу парызымыз. Ерікті түрде біз ауылдағы азаматтар жиналып, бақылау-өткізу пунктіндегі  қызметкерлерге көмектесіп жатырмыз.  Ауылдағы жағдайды тұрақтандыру үшін  жұдырықтай жұмылып,  сала мамандарына қолғабыс етудеміз.  Бұдан бөлек қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қолдан келген  көмекті  ауыл тұрғындарынан ұсынудамыз.
Мұндай сын сағатта барынша қолдау көрсеткен ауыл азаматтары баршылық. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде  кеселді ауылымыздан алыстатамыз.  Күн сайын қажетті құрал-жабдықтар мен гигиеналық заттарды бақылау пунктіндегі қызметкерлерге жеткізуге мұрындық болған ауыл азаматтарына алғысым шексіз. Тәулік бойы тапжылмастан  міндеттерін мүлтіксіз орындап жатқан тосқауыл бекетіндегі қызметкерлерді  ыстық тамақпен қамтасыз еткен жандарға ризашылығымды білдіремін.  Ауыл тұрғындары  тосқауыл бекетіндегі қызметкерлер үшін  вагондарын беріп, барлық жағдайды жасап жатыр. 
Біз «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп кеселмен күресті әрі қарай жалғастыра бермекпіз. Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен  көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин   Қызылорда облысына сапары барысында ауылымызға келген болатын. Ауылдағы ахуалмен танысып, барлық жағдайға қанықты.  Аудан әкімі Руслан Рүстемов ауыл азаматтарының атқарып жатқан жұмысына алғысын айтты. Аудан басшысының жоғары бағасы біздер  үшін үлкен қуаныш. 
«Көп – дәнекер, көлді де бекітер» деген тәмсіл қазақта бекер айтылмаса керекті. Ауыл тұрғындарын осындай сындарлы сәтте үрейге бой алдырмай, болашаққа сеніммен қарауға шақырамын. Өйткені, сенім күші ауылымызды коронавирустан арылтып, жақсылыққа бастайды.

Руслан Смағұлов,
Аманкелді ауылының тұрғыны
11 сәуір 2020 ж. 919 0