Қожабек есімі жаңғырды

Алғашқы жылдары 2000 түп алма ағашының 3 сорты отырғызылған болатын. Қазіргі таңда жаңартылған бақта сала мамандары 900 түп алма ағашының жазғы және күзгі түрлерін өсіріп, баптауда. Мұнымен қоса, бақша дақылдары мен көкөністердің де көшеттері отырғызылған. Алма ағашының өнімдері келешекте халықтың жоғарғы сұранысына ие болатыны сөзсіз.
Бұдан бөлек, білікті басшының есімін жаңғырту мақсатында шаруашылық тарапынан мектеп бітіруші түлектерге «Құрмет» орденінің иегері Қожабек Дәдікбаев атындағы шәкіртақы тағайындалған. Арнайы шәкіртақыға ие болған үздік оқушылар алдағы уақытта ел үмітін ақтап, толағай табыстарға қол жеткізетініне сенеміз.
Балтабай ОРДАБЕКОВ