Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауылдағы алма бақ

Ауылдағы алма бақ

Осыдан 5 жыл бұрын «Ақжарма-2» шаруа қо­жалығы ауыл шаруашылығы бағытында тың бастаманы жүзеге асыруға кірісіп кеткен болатын. Ақжарма ауылынан 12 гектар жер алып, алма бағын ашты. Тұрақты 7 адамды жұмыспен қамтыған алма бағында бүгінде толассыз жұ­мыс жүргізілуде.

Бақшалық жердің отағын тазалап, жеміс ағаштарын пұтарлау жүргізіледі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойын­да алдағы уақытта жемісі жайқалған алма бағы жолаушы біткеннің қызығушылығын арттырмақ. Мұнда алманың 7 түрі өсіріледі. Атап айтқанда, 1500 түп алма ағашының сортына «Голден», «Боровинка», «Дәстүр», «Конфетка», «Золотое превосходное», «Красный превосходный», «Крепсон» жатқызылады. Бұдан бөлек, бақта бағбандар 200 түп алмұртқа, 200 түп қара өрікке, 200 түп сары өрікке, 300 түп шиеге, 60 түп жүзімге күтім жасайды.

– Алма бағының өнімдерін ауыл халқы сұраныспен алған болатын. Биыл өнім мол болады деп сенеміз. Жеміс ағаштарын заманауи бағытта өндеудеміз. Бағбандар жаңа әдіс бойынша жеміс ағаштарын қырқу үстінде. Мол өнім алу ауа райына тікелей байланысты, – дейді өндіріс басшысы Ерлан Спанов.

Көктем мезгілі басталғалы техника көмегімен жерді соқалап, арықтар қазылған. Бағбандар жемістерді дәрілеп, тыңайтқыш сеуіп, күзге дейін мол өнім алуды көздейді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
20 сәуір 2021 ж. 1 207 0