Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аve Аdikus Стамбул қазақтарымен жүздесті

Аve Аdikus Стамбул қазақтарымен жүздесті

Қызылордалық танымал ютубер Әділет Әшірбек Туркия мемлекетіне барып, арнайы влог түсіріп, Стамбул қаласындағы қазақтармен кездесті.

Әділет Әшірбек Стамбул қаласындағы қандастарымыз тұратын ауданға барып, олардың тыныс тіршілігімен танысып, сұхбаттасып қайтты.

Бүгінде Стамбул қаласында тұратын қазақтардың саны аз емес. Жыл сайын Стамбул қаласында білім алатын қазақ студенттерінің саны да артуда екен.

"AVE ADIKUS" арнасындағы осы кездесу жайлы влогты тамашалаған болсаңыздар Әділет Әшірбек өзі Стамбул көшелеріне шығып, қандастарымызды іздеп тауып алып, сұхбаттасады.

"Стамбул қазақтарымен кездескенде әр қандасымыздың жанарынан елге деген сағынышты, махаббатты аңғардым. Мені көргенде қатты қуанып, елдің жағдайын біліп, өз сәлемдерін жолдап жатты" - деді, "AVE ADIKUS" арнасының блогері Әділет Әшірбек.

Кездесу соңында түбі бір түрік еліндегі қандастарымыз қазақ еліне деген ыстық ықыласын, зор сүйініспеншілігін білдірді.
13 наурыз 2021 ж. 530 0