Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ютубер Әділет Әшірбек түрік аспазшысы Burak-пен кездесті

Ютубер Әділет Әшірбек түрік аспазшысы Burak-пен кездесті

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді жаулап алған түрік аспазшысы - Бурак Оздемирді танымайтын жан жоқ болар. Бурак әлеуметтік желіде ерекше алып тағамдар дайындаған видеоларымен танымал болған болатын.

Бурак Оздемирдің тағам дайындағанда қолданатын бірнеше ерекшелігі бар: ол үнемі алып тағамдар дайындайды, видеоға әрдайым күлімдеп түседі және кей роликтерінде тамақты тек камераға қарап тұрып пісіреді.

Ерекше етті тұздайтын Нұсрет Гекчені басып озған Бурак есімді аспазбен "AVE ADIKUS" деп танылған қызылордалық танымал ютубер Туркия мемлекетіне арнайы барып кездесіп қайтты.

Әділет Әшірбек Бурак жұмыс жасайтын Ыстамбул қаласындағы мейрамханаға барып, танымал аспаздың өз қолымен дайындаған тағамынан дәм татып, сұхбаттасып, естелік суретке түседі.

"AVE ADIKUS" ютуб арнасындағы аталмыш кездесуді көрсеңіздер Әділет Әшірбек мейрамханада тамақтанып отырған сәтінде кенеттен Бурактың өзі шығып, қазақ елінен келген азаматтарға құрмет көрсетеді.

"Қазақ елін мен ерекше жақсы көремін. Себебі, қазақстан да түбі бір түркі тілдес елдердің бірі болып табылады" - деді, танымал аспазшы Бурак Оздемир.
13 наурыз 2021 ж. 575 0