Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі

Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі


Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды.
Жыл сайын Түркия Үкіметі «Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships» бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі.
Айта кетсек, Түркиядағы жоғары оқу орындары барлық шетелдік студенттерге (Қазақстан студенттері Түркия университеттері үшін шетел студенттері) білім көрсеткіштеріне сәйкес 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Түркия университеттері арасында жасалған келісім шарттар шеңберінде Қазақстан азаматтары үшін Таяу Шығыс техникалық университеті, Еуропалық Лефке Университеті, Стамбул Шехир Университеті т.б. университеттер тарапынан қосымша гранттар беріледі.
 https://osken-onir.kz/
07 қаңтар 2019 ж. 957 0