Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ЖАСТАРЫ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ЖАСТАРЫ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ


Сырдария ауданының 90 жылдық мерейлі мерейтойы аясында аудан жастары өңірден шыққан танымал тұлғалармен кездесті.
Кездесуге ақын, «Құрмет» орденінің иегері Сейфолла Оспан, ақын, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұранының авторларының бірі Жадыра Дәрібаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Қазыбай Құдайбергенов, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, қоғам қайраткері Алмагүл Божанова, ақын Қайырбек Асановтар қатысты.
Кездесуде атақты тұлғалар жастарға тәлімді әңгіме айтып, өз өмірбаяндарынан сыр шертті. Жетістікке жету үшін ең бірінші білім, ізденіс және адал еңбек керек екенін айтқан дарынды тұлғалар жастарды көп оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды.
"Жаныңда жүр жақсы адам" тақырыбында өткен кездесуде жас буын өкілдері ауданнан шыққан танымал тұлғаларға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесуге қатысушылар іс-шара соңында естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
12 тамыз 2018 ж. 1 376 0