Мен саған есірткі туралы айтып беремін..
Жастарды есінен танытқан есірткі елімізде белең алып келеді. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», демекші тәртіп сақшыларының арқасында елімізде заң бұзушылықпен күрес жүзеге асып келеді.
Абайдың «жұмысы жоқтық, тағы тоқтық, аздырар адам баласын» деген сөздері жастардың жаман әдетке не үшін баратындығын дәл айтылғандай.
Бұқаралық ақпарат құралдарын қарап отырсақ жан түршігерлік қылмыстар орын алып келеді. Қылмыстың иесі-дені жастар. Не үшін, не себепті?-деген сұрақтардың жауабын таба алмай қатты қынжыламын. Бұрын үлкен қалаларда құлаққа түрпідей естілетін «нашақорлық» өз қалаларымызда жиі естіліп жүр.
Мен Рақымжан Отарбаев деген драматургтың «Нашақор жайлы новелла» атты сахналық қойылымын көрдім. Кейіпкер Жалғас деген бір отбасының жалғыз баласы. Жұмыс жоқ, ақша табудың ең оңай жолы деп нашақорлыққа салынып кетеді. Ақырындаата-анасы баласының өлі денесін құшақтап-зар илеп қалады. Бұл қойылымда тағдыр тәлкегіне түскен отбасына тәртіп сақшысы Кеңес Нұрлановтың көп көмегі тиді. Тәртіп сақшыларының қызу еңбегін бағалай білейік! «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел-құл болмайды.»
Біздің мектебімізде «Ғасыр дертіне жол жоқ» тақырыбында шаралар өткізіліп отырады. Тәртіп сақшыларының қатысуымен және қойылымдар қойылып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақыратын ұранды сөздер мен суреттер конкурсы ұйымдастырылып отырды. «Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама,Денсаулығың саған керек, өз-өзіңді тонама».
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Яғни, дені сау білімді, білікті, жан-жақты, қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Денсаулық сақтау мәселесі-Елбасы жолдауында ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі.«Халықтың денсаулығы–ел дамуының асамаңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» (Н.Ә.Назарбаев).
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы
№137 орта мектептің 7-сынып оқушысы
Бақытбекова Айжан
Жетекші мұғалімі: Рахменшеева Гауһар
#УПНДПКЗО