Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»

Жер бетіңдегі барлық адам бақытты өмір сүргісі келеді. Себебі, жайлы да жақсы өмірді аңсамайтын пенде жоқ деп ойлаймын. Бірақ, жаман әдетке бой алдырғанын кейбір жастардың өзі де сезбей қалады. Нашақорлыққа, есірткіге әуестік көбінесе жастар арасында орын алатыны сондықтан. Осылардың ішінде қазіргі таңда белең алып, өршіп отырғаны  – есірткі тауқыметі.

Халықта мынандай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».
Есірткіге тәуелділік – біздің заманымыздың күрделі мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда есірткінің зиянын екенін  біле тұра, оны қолданатың жастар көбейе түсті. Тек жастар ғана емес, ересек кісілер де балаларына үлгі болудың орнына, өз ұрпағын улап жатыр. Одан келер жақсылықжоқ. Ол адамның денсаулығына түбегелі әсер етеді. Оны қолданған жасөспірімнің ұрпағынада әсер етеді.

Жалпы, есірткі деп, адамның бойындағы жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттар көп. Есірткінің кұрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін қосындылар бар. Есірткіні қолданғаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету тағы басқа жамандықтарға барады. Менің ойымша жасөспірімдердің бұлай өзгеруіне ең бірінші қоғам, екінші олардың жақындары кінәлі.
Уақыт шіркін зымырып, тоқтаусыз өтіп жатыр.  Әр адам сол уақыт көшінен қалмау үшін күйбең тіршіліктің соңында жүр. Ал, баласын бағып, оның келешегін кемел еткісі келген ата-ана таң атқаннан, кешке дейін жұмыста жүреді де,  үйдегі баласын  тәрбиелеуге уақыт таба алмайды. Бұл жерде бала тек,  ата-ана тәрбиесінен  ғана шеттеп  қалмайды, сол ата-ананың мейірімінен де кенде қалады. Ал, ата-ана мейіріміне  зәру болып өскен балада тасжүрек, тасбауыр мінезі қалыптасады, ондай мінез түбінде жақсылыққа апармайды. Міне, кейбір оқушының жаман жолға түсуінің  бірден-бір себебі осы болуы керек деп ойлаймын.

Есірткіге берілмес үшін саламатты өмір салтын ұстану керек. Саламатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Сол себепті адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше  есірткіден аулақ болу керек. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл - ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ - шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны – дертке дауа, жанға шипа қымыз еді. Балалар ұлттық ойын ойнап, шынығып, шымыр болып өсті.

Сондықтан «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. Қазақ халқы  «тәрбие басы – тал бесік»,- деп бекер айтпаса керек. Жат қылықтарға қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Соңдыктан әр отбасы ауызбіршілік пен өзара түсіністікте көп көніл арту керек деп ойлаймын.

Болашағымыз жарқын болсын десек, ең алдымен жастарымыздың тәрбиесін дамытып, сана-сезімін оятуымыз керек. «Бұл жағдайды қалай тоқтатамыз? Бұл мүмкін емес!» дерсіз, бәлкім? Мүмкін емес нәрсе жоқ. Өзгеруді өзіңнен баста! Бос уақытыңды тиімді істерге жұмса, көркем әдебиет оқы, өз ортаңды дұрыс таңдай біл. Өз-өзіңді жақсы көр!

Есірткі, қылмыс деген пәле мүлдем жоқ, жастарымыз жалынды және табанды, болашағы жарқын деп. Бәріміз де есірткісіз ғажайып өмір сүруге лайықпыз деп ойлаймын
Досым ойлан, өз болашағын – өзіңнің қолында! Мен саған сенемін!

Оразбекова Жанна Берланқызы,
№36 Әбілда Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейінің
11 А сынып оқушысы.
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы, Теренөзек кенті
#УПНДПКЗО
18 қаңтар 2021 ж. 498 0