Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас дәрігер жылу маусымына дайындықты пысықтады

Бас дәрігер жылу маусымына дайындықты пысықтады

Қытымыр қыстың ауылы жақын екені жасырын емес. Қылышын сүйреткен қыстан қиналмай шығудың амалын жасау – маңызды. Бүгін Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Жұмабаева жылу маусымына дайындық барысын пысықтады.

Өз кезегінде бас дәрігер аудандық аурухананың бу қазандығының жұмысымен танысты. “Шаруашылық” бөлімінің басшысы Қайрат Сүлейменов жылу маусымында жасалуға тиісті жұмыстар уақытылы атқарылып жатқанын баяндады.

Қазіргі уақытта ауданға қарасты барлық елді мекендегі емдеу мекемесінде бу қазандықтары арнайы дайындықтан өткен. Кейбір елді мекенде отын қоры жасақталған.

Күнделікті барлық бу қазандықтары бақылауда болу керектігін сала мамандарына Жанар Әшімқызы қатаң ескертті.
05 қараша 2025 ж. 298 0