Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас дәрігер науқастардың жағдайын білді

Бас дәрігер науқастардың жағдайын білді

Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Жұмабаева бөлімшелерді аралап, ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын білді. Аудандық ауруханаға қарасты барлық бөлімшеде жергілікті тұрғындарға диагноздары бойынша ем-шара жүргізілуде.

Өз кезегінде бас дәрігерге емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қанат Медетбаевпен бірге әрбір бөлімше меңгерушісі науқастардың жағдайына тоқталып, ем-шара барысын баяндады.

– Әрбір тұрғынға медицина мамандары тарапынан сапалы қызмет көрселтілуі тиіс. Күнделікті ауыр хәлдегі науқастардың жағдайы сараланып отырған жөн. Орта және кіші буын мамандары өз ісіне жауапкершілік танытқаны абзал, – деді бас дәрігер Жанар Әшімқызы.

Бұл ретте, бас дәрігермен пікір алмасу барысында емделушілер сала мамандарының жұмысына оң баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
06 қараша 2025 ж. 414 0