Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шәкірті шыңға шыққан

Шәкірті шыңға шыққан

Таэквондо – корей халқының ұлттық спорт түрінің бірі. Аталған спорт бойынша талай шәкіртті тәрбиелеп шыңға шығарып жүрген бапкерлер жетерлік. Солардың бірі – қоғалыкөлдік Алишер Моминов. Ол 1984 жылы қазіргі Түркістан қаласында Тұрсынбай Моминов пен Сара Моминованың отбасында дүниеге келген. Он баланың кенжесі болған Алишердің әкесі Түркістанда автобус жүргізушісі болып жұмыс жасаса, анасы саудамен айналысқан.


– Мен бұл спортқа 9-10 жасымда келдім. Спортқа деген өзімнің ынта-жігерім мықты болды. Әйгілі Брюс Лидің киноларын көріп өстім. Әкем мен ағам «Спортпен шұғылдансаң, денсаулығың мықты болады, өзіңді де қорғайсың» деп айтып отыратын. Содан мектепте оқып жүргенде таэквондомен айналысып, «қара белбеу» иегері атандым. Ал қазір спорт шеберлігіне үміткермін. Бұл бапкерлерім Сапарбек Қалдарбеков пен Рүстем Қалдарбековтің еңбегінің арқасы деп білемін, – дейді тәжірибелі таэквондошы.

А.Моминов 2007 жылы аудандық мәслихат депутаты, №44 орта мектеп директоры Сламбек Қаюповтың шақыртуымен Қоғалыкөл ауылына келеді. Қазір білім ошағы жанынан ашылған таэквондо үйірмесінде шәкірт тәрбиелеуде.  Бапкердің шәкірттері бүгінгі дейін талай жарыстардан жүлдемен оралып, аудан мерейін үстем етіп жүр.

Алишер Моминов тәрбиелеген шәкірттерінің бірі – Нұрай Мұратқызы. Ол 44, 46 келі салмақта Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Қазақстан «Барыс» кубогінің екі дүркін чемпионы. 2016 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарында алтын медаль иеленіп, Канаданың Бернаби қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде де қоржынын жүлдемен толықтырды. Сонымен қатар, Ресей ашық біріншілігінде екінші орын, Корея біріншілігінде халықаралық бірінші орын иеленген Нұрайды бапкері мақтаныш санайды.

Осындай шәкірттерін шыңға шығарып жүрген бапкердің аудан спортына қосып жүрген үлесі мол.

Айдана ҚАЛИЕВА 
01 желтоқсан 2020 ж. 652 0