Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Газет аудан шежіресіне айналды

Газет аудан шежіресіне айналды

Аудан тарихымен біте қайнасып келе жатқан «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққаныма да ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Қай кезде де оқырмандарының ойынан шығып, уақыт талабымен үндесіп жарыққа шығып келе жатқан аудан айнасының бүгін 8888 саны қолымызға тиіп отыр.

Иә, сарғайған тарих беттеріне айналған газеттің әрбір нөмірінде қаншама адамның маңдай тері, қаламының ұшынан шыққан дүниесі жатыр. Қазір заман өзгерді, газет шығару оңай деп жатамыз. Дегенмен әр заманның өз қиындығы бар. Рас, қазір басылымның барлығы компьютердің көмегімен, озық технологиямен, керемет дизайнмен шығады. Газет атауынан бастап, оның көлемі де өзгерді, түрлі-түспен шығатын басылымның әрбір жаңа санын қолымызға алғанша асығамыз, күтіп отырамыз. Ауданның жақсы жаңалығынан хабар алып, облыстың, республиканың жаңалықтарын жариялап отырған газеттің мазмұны да байығанын көзіміз көріп жүр.

Осы ретте бұрынғыны айтпай кету мүмкін емес дегім келеді. Жалындаған жастық шағымда редакцияға ақындығымның арқасында жұмысқа орналастым. Әскери міндетімді өтеп келген соң, ауданның айнасын шығаруға, оның әрбір нөмірінде қолтаңбамның қалуына атсалыстым. Қызмет барысында талай қиындық та, қызықты да күндер кездесті. Кілең азулы, мықты қаламгерлер еңбек ететін ұжымның беделі ауданда күшті болатын. С.Қожаниязов, Б.Шертаев, К.Уәйісов, С.Әлімбетов, А.Маханбетов сияқты өз кезеңінің алыптары еңбек етті. Олармен қатар отырып еңбек ету зор жауапкершілікті талап ететін. Газетке бір мақала шықса, ондағы ай­тылған сынды орнына келтіруге қаншама адам күш салатын. Жиында немесе өтіп жатқан шарада журналистің төбесі көрінсе, оны ұйымдастырушылар әбігерге түсіп, «сынға ілінбей кетсек екен» деп қорқа соқтайтын. Газетте мықты ақындарымыз Ж.Дәрібаева, Қ.Асанов, А.Кіребаевтың алғашқы өлеңдері мен мақалалары жарияланды, редакциядан қанаттанды. Оқырмандарымызбен бір сәтке байланысымыз үзілген жоқ. Қолымызға ұстаған қаламымыздың арқасында абыройға бөлендік, ауданның «Құрметті азаматы», «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді. Жыл сайын мерекеде аудан басшылығынан бастап, редакция ұжымының атынан құттықтаулар келеді. Қарт кісіге мұнан артық құрметтің де керегі жоқ.

Ауданның маңдайалды басылымын жарыққа шығарып отырған қазіргі редакция ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.

Мұхтар САҚТАПОВ,
ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі
13 қазан 2020 ж. 938 0