«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Кеше «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты.Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойларын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!









