Мұғалімдер әулеті
Ұстаз – шәкірт бойына білім нәрімен қатар ақыл-парасат пен көркем мінез сіңіруші тұлға. Сол себепті ұстаз есімі қашан да ұлағатты. Ал осы ұлағат алып бәйтерек секілді жайқалған әулетте ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып жатса, оның орны тіпті ерек.
Бұл отбасының перзенттерінің барлығы педагогтық жолды таңдады. Сейіт қожа әулетінің ақылшысы болған Дәулет Жағыпаров пен Ханшайым үш ұл, жеті қыз тәрбиелеп өсірген. Олардың үш ұлы мен келіндері де қазір білім беру саласында қызмет атқарады. Жеті қызы да педагогикалық білім алып, алды 40-50 жыл бойы ұстаздық етті. Айта кетерлігі, бүгінде сол жарасымды үрдісті немерелері де жалғастырып келеді. Халқымыздың «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген тәмсілі осындайдан басталса керек-ті.
Бүгінге дейін 30 жылдан астам саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Жанатбек Дәулетұлы Жағыпаров Жезқазған педагогикалық институтын бітіріп, 1987 жылы туған жеріне келді. Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас Ақжарма ауылында орналасқан Абай атындағы №130 орта мектепте еңбек жолын бастады. Педагогикалық еңбек жолын еңбек пәнінің мұғалімі болып бастаған ол көп ұзамай-ақ өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсете білді. Сол ізденісінің негізінде 1990 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал 1993 жылдан бастап оған мектеп директоры қызметіне атқаруға сенім артылды. Сол уақыттан бастап мектептің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосты.
Еселі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Жанатбек Дәулетұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2006 жылы «Үздік грант иегері» атанып, 2019 жылы ҚР Білім министрінің Алғыс хатына, басқа да жоғары марапаттарға ие болды. Бүгінде көптеген жылдар бойы педагогикалық тәжірибесін оқушылардың игілігі жолында пайдалануды мақсат тұтқан, бала психологиясын терең меңгерген ұстаз аталған білім ошағында педагог-психолог қызметін атқарып келеді.
Ұстаз қашан да өзгенің бақытын аялап, шәкіртін өмірге баулушы екені белгілі. Шәкіртіне өмірлік азық боларлық пайдалы білім береді. Жас ұрпақтың бойына ізгілік нәрін егеді. Жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. Адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Бұл ретте, кейіпкеріміздің жетістігі көп, үлгі етерлік істері жетерлік.
Атап өту керек, Жанатбек Жағыпаровтың өмірлік серігі Сәуле Жағыпарова да ұстаздық мамандықтың ұлағатты қасиетін бойына сіңірген ардақты жан. Педагогикалық мамандық алған ол өзінің еңбек жолын туған жерде бастаған. Жас ұстаздар еңбек жолын бірге бастап, Абай атындағы №130 орта мектепте әлі күнге жемісті еңбек етіп келеді. Сәуле Жағыпарова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз. Жастайынан қазақ әдебиетімен қатар орыс әдебиетінен нәр алып, екі тілді де шебер игерген.
Үлгілі отбасы үш ұл тәрбиелеп өсірді. Үйдің үлкені Жандос Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының, Елдос Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, кенже ұлы Сейітхан Алматы технологиялық университетінің түлектері. Үшеуі де орта мектепте тиянақты білім алуының арқасында грант иегерлері атанып, оқу орнын жақсы аяқтады. Бүгінде өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Ұстаздықтың қыр-сырын шебер игерген Сәуле апай Гүлназ, Перизат, Рахима есімді келіндерінің бойына қазақтың салт-дәстүрін сіңіріп келеді.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, Жанатбек пен Сәуле ұстаздар тәрбиелеген шәкірттер жыл сайын түрлі облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып келеді. Солардың бірі Б.Ахмедияров –бүгінде өзі түлеп ұшқан мектептің директоры. Ал Ж.Орынбаев, А.Жақанова осы білім шаңырағында мектеп директорының орынбасары қызметін абыроймен атқаруда.
Ауыл – ел бесігі, ұлағат ұясы. Үлкен қалаларда қызмет атқаратын абыройлы азаматтардың тұлға болып қалыптасуына ауылда жүріп-ақ зор еңбек сіңірген ұстаздардың еңбегі зор. Оның үстіне мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Ендеше тәлім мен тәрбиені ұштастырып, білім беру саласының дамуына үлес қосып келе жатқан ақжармалық Жағыпаровтар отбасына шығармашылық сәттіліктер тілейміз!

Г.Әлжанова