Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет төріндегі ұстаз

Құрмет төріндегі ұстаз

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде "Абай" шаңырағының ұйымдастыруымен "Қалдырған ізің мәңгілік" атты кездесу болып өтті. Кездесудің қадірлі қонағы ретінде "Аға мұғалім", "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері, Сырдария ауданының "Құрметті азаматы" Анар Ізбасарова шақырылды.

Білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бар ғұмырын жас ұрпаққа білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ардагер-ұстаз Анар Ізбасарова өзінің ұстаздық жолында басынан кешкен қызықты оқиғаларын, еңбек жолындағы сан қилы естеліктерін айтты.

Аудан тарихында өшпес із қалдырған ардақты ұстаз "Тарихы терең мектебім" атты кітап шығарды. Бұл шығармашылық еңбек биылғы жылы 100 жыл толатын мектеп тарихы үшін құнды дүние ретінде бағаланады.

Кездесуде оқушылар ардагер-ұстазға арнаған өлеңдерін оқып, биден шашу шашты. Ардагер-ұстаздың шәкірттері, бүгінде өздері де ұстаз атанып, білім ошағында еңбек етіп жүрген жас мұғалімдер өз алғыстарын білдірді.

Кеш барысында оқушылар ардагер-ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
20 қараша 2019 ж. 959 0