Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ақылдың сөнбейтін шамшырағы

Ақылдың сөнбейтін шамшырағы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейде аты ауылға ғана емес, күллі Сыр бойына, республикаға танымал тұлғалармен кездесу кеші өтті.

«Ақылдың сөнбейтін шамшырағы» атты шығармашылық кештің иелері, "Дара жолдың" қонағы – ардагер ұстаз, талай шәкірттің ұлағатты ұстазына айналған, саналы ғұмырын білім жолына сарп еткен, бірнеше жылдар бойы мектеп басшылығында қызмет атқарған ардагер-ұстаз Біләл Махашов пен ауыл шаруашылығынын майталманы, күрішші, екі мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанған Бексұлу Синаева болды.

Кеште еңбек адамдары жас ұрпаққа туған ел, отансүйгіштік, халыққа адал қызмет ету тұрғысында келелі ой айтты. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер-ұстаз бен маңдай терін ел игілігіне төккен қазыналы қарттардың тағылымға толы ғибратты әңгімелері ұрпақ жадында жаңғыратыны сөзсіз.

Б.ЖАНӘЛІ
25 қараша 2019 ж. 889 0