Мүшайра жеңімпаздары марапатталды
Ақиық ақын, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетовтің 115 жылдығына орай АУДАНЫМЫЗДА облыстық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. «Сөз зергері – Асқарым» тақырыбындағы жыр бәйгесі онлайн форматта өтіп, оған Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 11 ақын қатысты.
А.Тоқмағамбетов ауылдық клубының директоры Ә.Ибраеваның айтуынша, облыстық мүшәйра жыл басында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады деп жоспарланған. Бірақ, карантин талаптарына сәйкес бұл жоспар өзгертіліп, талапкерлер өз туындыларын электронды пошта арқылы ұсынған.
– Байқау ережесі бекітіліп, қала және аудандарға алдын-ала таратылды. Әлеуметтік желі де хабарландырулар жарияланды. Барлық талапкерге тең мүмкіндік берілді. Білікті мамандар мен белгілі ақындардан құралған қазылар алқасы өлеңдердің мазмұнына, тақырыптың тереңдігіне баса мән берді, – дейді жыр бәйгесін ұйымдастырушы Әсел Қалданқызы.
Мүшәйра ережесіне сәйкес талапкерлер арнау өлең мен сатиралық бағытта жазылған өз туындыларын қазылар алқасының қарауына ұсынған. Келіп-түскен шығармаларды талдай келе қазылар бас жүлдеге бүгінде республикалық «Айқын» газетінде еңбек етіп жүрген А.Тоқмағамбетов ауылының тумасы Мадияр Төлеуовті лайықты деп таныған. Ал, жүлделі І орынды тереңөзектік Ақтөре Ибрагимұлы иеленді. Қос бірдей ІІ орынды жаңақорғандық жас ақын Мадияр Оспанов пен жалағаштық Еркебұлан Отар қанжығасына байлады. ІІІ орын тұғырынан С.Сейфуллин ауылының тумасы Бақтөре Айтбаев көрінді. Қалған қатысушылар Ердәулет Қалиев (Шиелі ауданы), Алдоңғар Қалқаманоа (Арал ауданы), Ұланбек Бексаба (Жаңақорған ауданы), Қарақат Ыдырыс (Жаңақорған ауданы), Сұлтан Ақжол (Қазалы ауданы), Данабек Жанғазы (Қазалы) ынталандыру сыйлығына ие болып, Алғыс хатпен марапатталды. Мүшәйра жеңімпаздарына А.Тоқмағамбетов ауылының әкімі Ғ.Алданазаровтың дипломы және қаржылай сыйақы берілді.

Ш.Нұрсейітов