Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте

Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте

Атам қазақтың «бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзінде терең мағына жатыр. Қазақстан – береке мен бірлікке, татулық пен тұрақтылыққа қол жеткізген ел.

Біз - бәріміз тәуелсіз елде бейбіт өмір кешіп жатқан бақытты халықпыз. Бұл, әрине, тұнғыш Президентіміз Елбасымыздың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында болған игілік.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — болып салиқалы Тұңғыш елбасымыздың арқасында деп айтылса ешкімде қарсы болмайды деп сенем.

Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Ата заңының өзі «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы ...» деп басталуының да өзіндік сыры бар. Ата заңымыз ешбір ұлттың, діннің өкілі өзін бұл мемлекетте екінші сорттағы адам сезінбеуіне толық жағдай жасалды. Оған Қазақстан Конституциясының 14 бабында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылуына толық негіз болды.

Өмірдің өзінен көріп отырғанымыздай, қоғамдық келісім маңызды саяси-идеологиялық құндылыққа айналды. Ол қоғамның жемісті экономикалық, саяси дамуының алғышарты бола отырып, ұлттық мүддемізбен терең тамырлас және оның бет-бейнесін айқындайды.

Қазіргі таңдағы ынтымағы мен бірлігі жарасқан елімізде ілгері басқан шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлт денсаулығын сақтау, сондай-ақ ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие берудегі жетістіктерімізді сөзсіз мақтан етеміз. Осындай игі істер біздің облысымызда да жүзеге асырылып жатыр.

«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша ұлттар – сол шаңыраққа үздіскіз жете алады. Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады.

Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екенін көкейге берік түйе отырып, ұлы мақсаттарға бірге ат салсып жетейік!

Мұса Келдібаев,
Қызылорда облысы, Сырдария аудандық
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

31 тамыз 2020 ж. 327 0