Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ ПЕН ДӘУЛЕТ – СЫЙЛАСТЫҚТА

БАҚ ПЕН ДӘУЛЕТ – СЫЙЛАСТЫҚТА

Қазақстан – құшағы ыстық, құлашы кең, байтақ ел. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айғақ. Осыншама түрлі ұлт пен ұлыс өкілінің татулықта өмір сүруі Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Өз туған жерінен жыраққа кеткен ата-бабам Шаған елді мекеніне қоныстанды. Мен Тәуелсіздік алғаннан кейін осы өлкеде туып-өстім. Бүгінде мен бұл жерді Отаным деп білемін. Бір ғана ауылдың өзінде түрлі ұлттың өкілдері берекелі ғұмыр кешіп жатырмыз. Тәуелсіздік жолымен ілгері басқан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мәселелерін Ассамблея сессиясында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді және тарихымызды дамытуға, зерттеуге толық мүмкіндік жасалған. Ең бас­тысы, біз татулық пен бірлікте берекесі тасыған мекенде өмір сүріп жатырмыз.

Юнади ХУБИЕВ,
шешен ұлтының өкілі
30 сәуір 2019 ж. 947 0