Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық болып талқылап, референдумда ел болып қолдаған Ата Заңымыз - «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», деп басталады. Осы сөздерде Мәңгілік Елді мұрат тұтқан ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық та, мемлекеттілігін жаңғыртқан көп ұлтты халықтың ортақ ұмтылысы да бар.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Заң жоқ жерде теңдік те, шынайы бостандық та жоқ!» дейді. Яғни, Конституция – қоғамдағы теңдік пен әділеттілік рухын қалыптастыратын, әрі оны демейтін ең тегеурінді қуат көзі.

Жұмыла жасаған жасампаз еңбектің арқасында бүгінде Қазақстанды дүние жүзі таныды. Сөз жоқ, бұл жылдар республика тарихындағы мейлінше қиын, ғибраты мол кезең. Конституцияны қатаң сақтау – мемлекеттің тұрақты дамуының және қоғамдағы азаматтық татулықтың негізі. Ата Заңды өмірлік бағдар ету – баршамыздың міндетіміз. Конституцияны қастерлеу – туған жеріміз бен тарихымызды, тіліміз бен ділімізді қастерлеумен теңесуі тиіс азаматтық парыз. Озық отыз елдің қатарына ұмтылған еліміздің кемел келешегі үшін Ата Заңға арқа сүйеп, жұмыла еңбек етсек, аймағымыз ажарлы, болашағымыз баянды, жастарымыз бақытты, Еліміз мәңгі болмақ.

Сіздерді Ата Заң мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз Еліміз – Қазақстан жасасын! Еліміз, Елбасымыз аман болсын.
Құрметпен, Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі
30 тамыз 2018 ж. 1 320 0