Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Карантинді ұзарту – дұрыс шешім

Карантинді ұзарту – дұрыс шешім

Ел Президенті дер кезінде шара қолданып, карантин шектеулерін қайта енгізгеннен кейін вирустың таралуы бәсеңдеді. Бұл халық арасында карантиндік шарттарды ұстанудың арқасы деп білген жөн.

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев карантинді екі аптаға созуға тапсырма бергенін ақпарат құралдары арқылы білдік. Бұл өте дұрыс шешім. Мұндай қадамға Президент бекерден-бекер барып отырған жоқ. Тұрғындар қауіпті індет жағдайынан ақырындап шығуы дұрыс.

Халық арасында жедел түрде тарап кеткен вирусты тоқтатудың амалы – той-томалақты тоқтатып, қатаң санитарлық талаптарды ұстану екеніне адамдардың көзі жетті. Сондықтан дәрігерлердің айтқан кеңестеріне құлақ асып, жақындарымызға жанашыр болайық дегім келеді. Өздігінен келмеген індетті таратушы адам болғандықтан, медициналық бетпердені тағып, адамдар көп жиналатын жерге бармауды әлі де ұстану керек.

Сонымен қатар әркімнің сөзіне сеніп, үрейге бой алдырмау қажет. Дәрігер ретінде айтарым, иммунитеттің төмендеуіне жол бермей, күнделікті тамақтануды дұрыс жолға қойып, ауыз суды молынан пайдалану індеттен құтылудың жолы.

Салтанат БАКИШЕВА,
аудандық емхананың дәрігері
29 шілде 2020 ж. 423 0