Ерікті жастардың көмегі

Міне осындайда қайырымды жандардың, ерікті жастардың тындырымды тірлігіне көз сүйсінеді. "Ауыл жастары қамқорлықты қажет еткен отбасыларына көмек қолын созды" дегенді естігенде, "Жарайсыңдар, міне нағыз азамат" деп қуанатынын сөзсіз.
Жақында аудандағы Ақжарма ауылының ерікті жастары ауызбірлік танытып, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік таратып, қайырымдылық жасады.
Жас та болса жанашырлық танытқан жастар бүгінгідей кезде сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болу азаматтық парызымыз деп біледі.
Бибісара ЖАНӘЛІ