Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Қызылдиханның» қырманы заманға сай

«Қызылдиханның» қырманы заманға сай

Жыл сайын күріштен тау тұрғызатын «Қызылдихан» ШҚ толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Соның бірі – іргелі шаруашылықта заман талабына сай қырман жұмыс істеп тұр.

Атап өту керек, бұл шаруашылықта 50 жылдан бері қырман болмаған. Осыған орай «Жан-Арай» ЖШС-нің демеушілігімен заманауи талаптарға сай қырман салынды. Бүгінде шаруашылық қырманға толық көшіп, жұмыс жанданған.

Қырманда мамандарға арналған бөлмелер қарастырылған. Сыйымдылығы 2000 тоннаны құрайтын қойма және техникаларға арналған гараж бар. Сондай-ақ элеватор мен автокөлікке арналған таразы орнатылған.

Шаруашылық қызметкерлерінің жұмыстан тыс уақытта демалысы үшін арнайы бильярд бөлмесі де салынған. 60 адамға арналған асхана мен техника жөндейтін шеберхана жұмысы мерейлі шақта шаруашылық қызметкерлеріне қызмет көрсетіп тұр.

27 маусым 2020 ж. 1 005 0