Екінің бірі дәрігер бола алмайды
Мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған дәрігер ісі қашанда құрметке лайық. Ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін қаралады. Жыл сайын маусым айында медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл мерекеде барлықғұмырын алғысқа лайықты істерге, өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленеді.
Осындай құрметке лайық мамандардың бірі – Сырдария аудандық емхананың дәрігері Гүлзат Баджанова. Ол кісіні ақ халатсыз елестету мүмкін емес. Себебі денсаулық сақтау саласында тапжылмай тер төгіп, елдің ықыласына бөленгеніне он бес жылдың жүзі болыпты. Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген сақа маман. Науқастарға шарапат шуағын шашып, біліктілігін белсенділікпен ұштастырған білікті дәрігер. Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал жанды жастарға үлгі етуге әбден лайық.
Гүлзат Ақылбекқызы еңбек жолын ең алғаш мейірбике болудан бастаған. Бес жылдам астам уақыт бойы мейірбике ісімен шұғылданып, содан соң Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Ұлттық Медициналық университетінде дәрігерэпидемиолог мамандығын тәмамдаған. Университетті бітірген соң Алматы қаласындағы Санитарлық эпидемиологиялық орталықта дәрігер болып қызмет атқарып, "Дипломмен – ауылға"бағдарламасы бойынша туған жері Тереңөзекке қызметін ауыстырады. Бүгінде туған елге қызмет етіп жүргеніне біршама уақыттың жүзі болды. Осы қызмет еткен жылдар ішінде ол біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екендігін бір кісідей білді.
Білікті дәрігермен әңгімелесіп, мамандығының қыр-сырын тарқатқанымызда: – "Саналы түрде өзім таңдаған мамандығымның майталманы болуым керек" деп бір кезде өз алдыма мақсат қойдым. Сол мақсатыма жету үшін талмай еңбек етіп келемін. Өзіме дәрігер ретінде сенім артып, дертіне шипа іздеген әрбір жанға қол ұшын созып, дәрігерлік көмегімді көрсету – парызым екенін ешқашан ұмытқан емеспін. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне жол берілмейді. Сол себепті үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Бұл менің сүйікті мамандығым болғаннан кейін өз қызметіме адал, әрі қалтқысыз қызмет етемін. Қазіргі жас мамандарға ізденуден шаршамауға кеңес беремін, – дейді өз ісінің майталманы Гүлзат Ақылбекқызы.
Әңгімелесу барысында дәрігер әріптестерін аузынан тастамай айтып отырды. – Жүктелген жауапты істің тиянақты атқарылуыныңбарлығы ұжымның ауыз бірлігінің арқасы деп білемін. Қандай жұмыс, қандай уақыт болмасын іске бел шешіп кірісіп кетеді. Айтылған тапсырманы уақытылы орындап, қазіргі елде болып жатқан жағдайға барынша жұмылдырылуда. Әріптестерім Гүлзада Мырзабекова, Ақжарқын Қабылбаева, Құралай Бакирова, Маржан Мығымбаева өз мамандығының мақтаныштары, – деді жылы лебізбен дәрігер қызметтегі әріптестері жайлы.
Мамандығына жан дүниесімен берілген білікті дәрігер үшін "ақ халатты абзал жан" деген елдің құрметті атағы ең биік Һәм қасиетті ұғым болып саналады.
"Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп баптанба, жауға шаппай" демекші атқарған жұмысына қарай ел алдында да еңбегі еленді. Білікті дәрігер көпжылдық жұмысында көптеген мақтауға қол жеткізді.
Бүгінде адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қараудың арқасында Гүлзат Асылбекқызы елдің ықыласына бөленіп жүр.
Халықтың денсаулығын сақтау, нығайту жолында аянбай еңбек етіп жүрген осындай ақ халатты абзал жандар барына шын көңілден риза боласың. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!" – деген халық даналығын ескерсек, Гүлзат Асылбекқызындай білімді, білікті, өз ісінің шебері, елдің алғысын арқалаған ақ халатты абзал жандар біздің әрқайсымыздың деніміздің сау болып, жарқын өмір сүруіміз үшін аянбай тер төккені – ел игілігі үшін атқарылып жатқан ерен еңбек деп білеміз.
Ендеше халықтың денсаулығын сақтау жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан барша ақ желеңді абзал жандарды кәсіби мерекелеріңімен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз еленіп, елдің ықыласына бөлене беріңіздер демекпіз.

Фатима МАРАТҚЫЗЫ