Жастарға берілген мүмкіндік
Nur Otan партиясы кадрлық резервін қалыптастыру жұмысын былтырғы жылы бастаған болатын. Бұл сайланбалы және партиялық лауазымдарға жоғары кәсіби кадрларды ұсынудың жүйелі рәсімі болды. Аталған жобаға өз бағдарламамды ұсынып, Жастар жылы аясында халықтың қолдауына ие болдым. Өз бағдарламамды тұрғындарға таныстырдым, кейін арнайы дебат өтті. Біздің ауданда 3500 мыңға жуық партия өкілдерінің дауыс беруі арқылы қоғамдағы өз пікірімді қалыптастырдым.
Партия өзінің кадрлық резервін қалыптастыру арқылы жаңа идеялар мен жаңаша көзқарастарға толы жастарды іріктеді. Қоғамдағы өзекті деген мәлелерді шешуде өзіндік пікірі бар, халықтың мұң-мұқтажын білетін партия құрамын жасақтады.
Бұрнағы күні жетекші партия кадр құрамын даярлауда өзінің жаңа жобасын іске қосты. Бұл шетелдік мемлекеттердің тәжірибесінен өткен, праймериз арқылы жаңа лидерлерді анықтайды. Дамыған елдердің басым көпшілігі осы әдісті қолданады. Өздеріңізге белгілі, Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамыз бен 3 қазан аралығында партияішілік таңдау, яғни праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Оның ішінде халықтың барлық тобынан адамдар болуы тиіс екендігін де атап өтті.
Ел үшін қызмет етуге әрқашан дайын азаматтарға берілген бұл мүмкіндіктің жастар үшін берері көп деп ойлаймын. Бәрі де ашық, жария түрде болатынына сенімдімін.
Майя БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
праймериз пилоттық
жобасының қатысушысы