Бас партияның бастамасы
Nur Otan партиясы биліктің өкілді және атқарушы органдарының саяси сайланбалы лауазымдарға, сондай-ақ партия органдарындағы жауапты қызметтерге білікті партиялық кадрларды ұсыну мақсатында партия мүшелерін іріктеп, жаңа кадрлық резервін қалыптастыруда.
Үміткерлердің кәсіби деңгейі, жұмыс тиімділігі, саяси кемелдігі және жеке қасиеттері іріктеудің басты талаптары болып табылады. Ауқымды жобада партия өзінің жаңа кадрларын таңдады. Партиялық кадрлық резервке ену үшін қатысушы арнайы сатылардан өтеуі тиіс. Сайлауалды бағдарламасын әзірлеп және оны жаряилап, пікір-сайысқа қатысады. Кейін партия мүшелерінің арасында сайлау өткізіп, жаңа кадрларды іріктейді.
Бұл бастама халық үшін тиімді деп білемін. Себебі ашық және жария түрде өтетін жобада тұрғындар өздері қалаған маманды таңдай алады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жақында аталған жобаның жалғасы ретінде 2020 жылдың 17 тамыз және 3 қазан аралығындағы уақытта праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бас партияның барлық үзгісінен өткен жобаның берері мол. Тек еңбек ететін азаматтарға берген үлкен мүмкін алаңы сөзсіз. Бастамашыл жастарға және қатысушыларға алдағы ауқымды жобада сәттілік тілеймін және отан үшін аянбай тер төгеді деген сенімдемін.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Сырдария аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі
облыстық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Сырдария аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі