Сақтық шаралары өзіміз үшін қажет
Күн санап коронавирус індеті әлем елдерінде өршіп, көрсеткіш едәуір артып келеді. Еліміздің барлық аймағында тараған кеселдің көбейіп бара жатқандығы жергілікті тұрғындарды алаңдатуда. Қоғамнан тыс тіршілік ете алмайтын вирус барынша қоршаған ортамен байланысын үзбеуде. Әлемдік пандемия енгізілгеннен бері қарапайым халықтың сақтық шарасын ұстану керектігі ескертіліп келеді. Дегенмен, адамдар арасында сан түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірі вирус¬ты жоққа шығарса, екіншісі қоғамдық орында карантин талаптарын орындамауды әдетке айналдырған. «індеттің одан әрі таралмауы үшін қандай шара қолдану керек, халықтың індетке бей-жай қарауына не себеп, көпшілік орында карантин талаптары орындалып жүр ме, вирустың негізгі белгілері қандай, адамдарды барынша оқшалау өз нәтижесін бере ме» деген сауалдарға жауап алу мақсатында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаевпен сұхбаттасқан едік.
– Ерлан Амантайұлы, соңғы онкүндікте ауданымызда індет жұқтырудың екі жағ¬дайы тіркелді. Осы жағдайға байланысты ахуал қаншалықты тұрақты?
– Аудан көлемінде Сovid-19 инфекциясының нақтыланған жағдайы 28-ге жетіп отыр. Соң¬ғы тіркелген 2 науқас Қалжан ахун және Аманкелді ауылынан екенін айта кеткен жөн. Екеуі де ер адам. Бұған дейін індет ошағына айналған Аманкелді ауылында мамандарымыз күні-түні жұмыс жасады. Сәуірдің басында анықталған ең бірінші жағдай бойынша ең алдымен ауру көздерін анықтау негізгі міндетіміз болды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, вирус ошағында өзара тығыз қарым-қатынаста болғандар нақтыланды. Бас¬тапқыда тұрғындар наразылық танытып, сенбеушілік танытты. Ауруханаға жатудан бас тартқандар да кездесті. Дегенмен дер кезінде алынған сынама-тест нәтижесінде олардың ағзасында вирус барын анықтауға мүмкіндік алдық. Күні бүгінге дейін тіркелген науқастар бойынша 13 ошақ анықталған болатын. Бір ошақтан тоғыз адамнан вирус табылды.
дам індетке шалдыққанын көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар мен 5-17 жас аралығында жастар арасынан 6 жағдай тіркелсе, 22 жағдай ересектер арасында кездесіп отыр. Індет жұқтырған адаммен байланыста болғандарды үй жағдайында оқшаулау керектігі назарға алынды. Аманкелді ауылынан анықталған 26-шы науқастан кейін араға 40 күннен аса уақыттан соң жаңа жағдай тіркелуі әлі де вирус өмірімізден алшақтамағынын көрсетеді. Қазіргі таңда соңғы анықталған екі науқас облыстық инфекциялық ауруханада ем қабылдауда.
– Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан бері еліміздің Бас санитар дәрігерінің арнайы қаулысы негізінде алты кезеңнен тұратын қа¬таң талаптар жеңілдетілді. Дегенмен індет жұқ¬тырғандар саны елімізде едәуір жоғары. Қоғам кеселден қалай сақтанып жүр?
– Рас, бүгінде індеттің таралуы күн санап артып келеді. 11 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен ел көлемінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Әйтсе де індетпен күресте енжарлық танытамыз деген сөз емес. Әрқайсымыз бас амандығымыз үшін сақтық шарасын күшейтуіміз керек. Бірқатар нысандар қалыпты жағдайда жұмысқа қосылғанымен, карантин талаптарын сақтауға міндетті. Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда тұрғындар бетперде режимін сақтамай, емін-еркін қоғамдық орындарда жүр. Төтенше жағдай мен карантин режимін көпшілік шатастырып жатады. Екеуінің айырмашылығы бар. Анығын айтқанда, төтенше жағдай режимін ел Президенті 30 тәулікке дейін бүкіл аумақ бойынша, 60 күн бойы белгілі бір аумаққа енгізеді. Арнайы органдар құрылып, мемлекеттік комиссия және жергілікті жердің комендатурасы жұмыс жасайды.
Карантин бойынша шектеулер төтенше жағдай кезінде қолданылуы мүмкін. Ахуалға байланысты шектеулер кей кезде де алынып тасталады. Негізінен шектеу шараларын енгізу мемлекеттік коммиссия мен бас санитар дәрігердің құзыретінде. Бүгінде алты кезең бойынша карантин талаптары жеңілдетілді. Аудан, қала, облыс аумағында блок бекеттер алынып тастағанымен, санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Күн сайын жергілікті тұрғындар қатаң талаптарды ескермейтіні өкінішті. Шын¬дығында көзге көрінбейтін індеттен қорғану маңызды¬лы¬ғын жоғалтпайды. Тәжірибе барысында індетті жоққа шығарып, карантин талаптарын бұзғандар жауапкершілікті сезінуі керектігін ұғынып келеміз.
– Аудан бойынша қанша адамнан сынама-тест алынды? Вирустың негізгі белгілері қандай?
– Бүгінде індетті дер кезінде анықтау үшін профилактикалық және эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 1140 сынама-тест алынды. Қазіргі таңда скринингтік тексеруден өткен әрбір азаматтан сынама тест алынуда. Соңғы екі жағдай алдын-ала тексеру нәтижесінде анықталды.
Бізде ең алғаш 7 сәуірде анықталған науқастан коронавирустың белгілері жоғары деңгейде байқалды. Бүгінде індет анықталғандардың басым көпшілігінде аурудың белгілері бірден байқалмай жатады. Яғни, симптомсыз қалыпта адам ағзасына еніп, келесі адамға жұғады.
Вирусқа шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, өздігінен қалтырау, жөтелу, ентікпе басым болады. Тірі ағзада вирус 2 күн мен 14 күн бойы өмір сүреді. Індет жұқтырған адамдар арасында жоғарыда аталған белгілер байқалмаса да, симптомсыз күйде індет таралуын тоқтатпайды.
– Ауданның бас санитар дәрігері ретінде жергілікті жерде карантин талаптарының орындалуына көзқарасыңыз?
– Осы кезге дейін Сырдария аудандық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері менің шешіміммен арнайы 8 қаулы шығарылып, карантин талаптары жіті қадағалануда. Көпшілік ара-қашықтықты, гигиеналық қағидаларды сақ¬¬тамауда. Жаппай бетперде тағуды қамтамасыз ету үшін барлығымыз күш салуымыз керек. Бізде індетпен күресте немқұрайлылық таныту тұрғындар арасында қалыптасқан. Жергілікті тұрғындар түрлі себептермен қатаң талапты орындауға құлықсыздық танытады. Күніне аймағымызда 20-дан аса жағдай тіркеліп, ауыр хәлдегі науқастар жан сақтау бөліміне жатқызылуда. Елімізде 50-ден аса науқас індеттен көз жұмғандығын ескерсек, қателікті түзеп, орынсыз әркетке бармауымыз керек.
Бүгінде адамдар жиын-тойларға баруды тоқтатар емес. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес, ұжымдық, жанұялық барлық жиынға тыйым салу жалғасын табады. Вирустың қауіптілігін сезінбей демалыс орындарында мыңдаған адам серуен құруда. Сауда орындарында ара-қашықтықты сақтамай, адамдар немқұрайлылық танытуда. Карантин талаптары барынша жеңілдетілгенмен, жаппай дезинфекциялық шараларды күшейтуіміз керек. Босаңсуға әлі ерте екендігін ескерейік. Түн мезгілінде серуендеуді, бетпердесіз жүруді әдетке айналдырмайық. Бетперде кию, карантин талаптарын қатаң сақтау айыппұл үшін емес, өзіміз үшін керек.
Сұхбаттасқан Балтабай ОРДАБЕКОВ