Талапқа сай жұмыс жасалуда
Қазіргі таңда елімізде коронавирусты алдын алуға байланысты тиісті шаралар жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде бір ай мерзімге төтенше жағдай енгізілді. Дәл осы сағатта әлемді жайлаған індет еліміздің 12 қаласында анықталды. Ресми ақпарат көздері бойынша жариялаған мәліметке сүйенсек, елімізде 135 адам вирус жұқтырған. Аталған дерттен 3 адам жазылып шықса, кеше бір әйел қайтыс болды. Осы ретте ауданда коронавирусқа байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаевпен жедел сұхбат жасаған болатынбыз.
–Ерлан Амантайұлы ауданда коронавирус індетіне байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Еліміздегі ахуалға байланысты аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевпен 31.01.2020 жылы «Сырдария ауданы аумағында этиологиясы белгісіз пневмониямен (коронавирусты инфекциямен) ауырған немесе оған күдікті науқасты кіргізбеу және аурудың таралуын болдырмауға бағытталған індетке қарсы (профилактикалық) шаралардың кешенді жоспары» бекітілді.
Жоспарға сәйкес «Этиологиясы белгісіз пневмония (коронавирусты инфекциямен) ауруы тіркелген жағдайда жүргізілетін жедел іс-шаралар алгоритмі»дайындалды.
Аудан әкімі орынбасары Д.Байдушевтің төрағалығымен тиісті органдар мен ұйымдар басшыларының мүшелігімен өңірлік комиссия құрылды. Өз кезегінде аудандық штаб отырыстары өткізіліп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сақтық шарасы күшейтілді.
Сырдария аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен «Індеттік кезеңде тұмау және басқа да жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу шаралары» туралы біріккен бұйрығына сәйкес, 29.01.2020 жылы аудандық аурухана медициналық қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылуда. Аталған семинар барысында медицина мамандарына сақтық шарасы, жедел әрекет ету іс-қимылдары түсіндірілді.
– Аудандық емдеу-сауықтыру мекемелерінің дайындығы жөнінде айта кетсеңіз?
–Аудандық емдеу сауықтыру мекемелерінің инфекциялық аурулар тіркелген жағдайға дайындығы талапқа сай. Жұқпалы ауруларға қосымша қаралған керует саны – 10, оның ішінде балаларға – 5 керует, ересектерге – 5 керует, бокстарға арнайы бөлек кіру есіктері қарастырылған.
Медициналық қызметкерлерге арналған жеке қорғаныш киімдері – 670 (многораз-70, однораз-600), респираторлар N95 - 400, бір реттік перде – 1000, залалсыздандыру дәрі-дәрмектерінің қоры – 438 литр, 148725 таблетка түрінде жасақталған, бір реттік қолғаптар - 2000, антисептиктер – 200 литр қорымен жабдықталған.
– Дәл қазіргі уақытта ауданда қанша адам бақылауға алынды?
– Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 15 азаматқа медициналық бақылау мониторингі жүргізілді. Қазіргі таңда олардың барлығы бақылаудан алынды. Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевпен 03.02.2020 жылы «Коронавирусты инфекциясының зертханалық жолмен анықталған жағдайында ұйымдастырылатын іс – шаралар тәртібі бекітілгенін айта кеткен жөн.
– Коронавирусты қорғану мақсатында сақтық шарасықай деңгейде жүзеге асып жатыр?
– Аудандық басқарма тарапынан кент және барлық ауылдық округ әкімдеріне, білім бөліміне, мектеп, балабақшаларға аудандық аурухана,жеке кәсіпкерлерге, автовокзал, ХҚКО, казтелеком, казпочта, орталық мешіт, банк және кентпен елді мекендерде орналасқан сауда орындарының иелеріне сақтық шарасын ұйымдастыру жөнінде айтылды. «Корнавирустық инфекцияның алдын алу бойынша» антисептик ерітінді құйылған дозатор орнату туралы ұсыныс беріліп, орындалуы бақылауда. Сонымен бірге барлық жеке кәсіпкерлік нысандар иелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру туралы түсіндіріліп, жадынама таратылды. Аудан аумағына коронавирусты инфекциясының әкелінуі мен оның таралуын болдырмау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіруде құрылған жұмысшы топ төрағасы Д.Байдушевпен «Сырдария ауданы бойынша коронавирусты инфекциялардың алдын алу мақсатында шектеу шаралары» бекітілді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстары жүргізілуде.
– Басқа да өңірлерден келген азаматтар бақылауға алынды ма?
Сырдария аудандық аурухана тарапынан Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында және өзге өңірлерде коронавирустық инфекциясы бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасуына байланысты, аудан көлемінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу қолға алынуда. Осы мақсатта жергілікті алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдар мамандары тарапынан тұрғылықты мекен жайы бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген студенттерге қоңырау шалу арқылы (обзвон) медициналық бақылау жүргізілуде.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Балтабай ОРДАБЕКОВ