Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылым – алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім


Ақиық ақын Асқар ауы­лының ардагерлері көр­ген жерде «ауылыңды жазбайсың» деп наз айтатын. Әрине, ата-бабаң туған жерінің же­тістіктерін көрсеткенге не жетсін! Өкінішке орай осыдан 4-5 жыл бұрын ауылдың жағдайы кісі қы­зығарлықтай емес еді. Облыс, аудан басшыларының қолдауымен жағдай тү­зелді. Сондай-ақ шаруаға мығым, елжанды азамат Меңдіғали Есжановтың шаруашылыққа инвестор болып келуі ауылдың дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне серпіліс берді десек қателеспейміз. Соң­ғы 2-3 жылда шаруашылық аяғынан нық тұрды.

– Меңдіғали мың болғыр жігіт екен. Шаруа­шылыққа басшы болып келгенде ең алғаш қа­дамын ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 110 жылдығын атап өтуге демеушілік жасаудан бастады. Содан бері елді-мекендегі барлық игілікті шараны өткізуге қолдау білдіріп келеді. Жүзге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Соңғы кездің өзінде ауылдан қолжетімді бағаға сауда жасайтын дүкен, ардагерлердің бос уақытын мазмұнды өткізетін бильярд залын іске қосты,-дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Әлиәкбарұлы. Ардагерлер жетекшісі Пернекең кезінде осы шаруашылықты 6 жыл басқарған, 7 жыл бас маман болып қызмет атқарған, істі көзі танитын білікті азамат. Екі қоғамға қапысыз қызмет еткен ол еңбек жолын туған жері Шағаннан бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін аудан орталығында жаңадан құрылған ОҚДС (егісті суландыратын коллекторлы-дренажды жүйе) мекемесінде қатардағы маман болып жұмысқа кірісті. Ол сол кездегі суландыру жүйесінің білгірі, қоғам қайраткері, Елтай Тыныштықбаевтың қарамағында еңбек етті. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халық даналығы. Сол айтқандай 3-4 жылда жақсы маман болып қалыптасып, ауданның озат шаруашылығы Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы кеңшарға бас инженерлікке көтерілді. Пернекеңді жұмысқа қабылдаған Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов болса, Социалистік Еңбек Ері, іскер басшы Алдаберген Бисеновпен он жылдан астам қоян қолтық жұмыс жасады. Содан кейін тәжірибесі толысқан, еңбекте сыналған Пернебек Әлиакбарұлы 1986 жылы ХҮІІІ партсъезд атындағы кеңшарға директор болып тағайындалды. Сәулетті ауылдан келгеннен кейін елді-мекеннің көшелерінің көрікті болғанын көңіл қалады. 9,5 шақырымға асфальт төселді. Малшылар үйі, сауна жұмыс жасады. Шаруашылық базасында бірнеше мәрте аудандық, облыстық семинарлар өткізілді. «Тұрғын үй-91» бағдарламасына сәйкес ауылдан 37 үй салынды. Сайып келгенде мұның барлығы халық игілігі үшін жасалды,- дейді Пернекең өткен шақты еске алып.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінез-құлықтың прагматизмі деген осы» деп атап өткен болатын. Осы орайда ауылда іскер басшы М.Есжанов бағдарламалық мақалаға сай жұмыстар жүргізіп отыр. Жоғары сыныптың озат оқушыларын қолдап, оларға көмекші құрал ретінде қазіргі заманғы байланыс құралдарын алып беру, еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық жарыстарға баратын ауыл спортшыларына демеушілік ету, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының оқу ақысын төлеуге жәрдемдесу, ауылдың мәдениеті мен өнерін өрістетуге (биылдың өзінде 500 мың теңге бөлінген) демеушілік ету жүзеге асырылған. Іскер басшы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Әрбір жаңа істі бастарда М.Кеңесұлы ардагерлермен кеңесіп отырады. Олардың батасын алады. «Батының құны – мәңгі құт», «Баталы жанға бақ құмар» деп дана халқымыз бекер айтты деймісіз.
Осымен мақаланы аяқтауға болатын еді. Арнайы барғаннан кейін сол елдің көзі тірі шежіресі кеудесінде қазына қаттаулы жатқан Дәуіт Сұлтановқа соғуды жөн көрдік. Ағамыз қатты сырқаттанып қалыпты. Бұл жолы Дәукеңді мазаламауды өтінген туған інісі Тұрсынбек бізді көктем кезінде ауылдан 30-40 шақырым жердегі Зортөбеде орналасқан Сыр өңіріне белгілі дін ғұламасы, атақты Нұран қожаның мәңгі мекеніне ертіп баратынын айтты. Нұран қожа ақиық ақын Асқардың әкесі Тоқмағамбетке діни дәріс берген ғұлама. Сол жерде жерлесіміз, еліміздің алғашқы Юстиция Министрі Бекайдар Жүсіпов тұрған үйдің орны бар көрінеді. Енді көгілдір көктемнің тезірек шығуын күтеміз.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
22 ақпан 2018 ж. 1 605 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 13:48
Cialis 20mg Pas Cher low cost levitra in the usa High On Amoxicillin Amoxicillin Dosage Cats Buy Sertraline Online

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 22:37
Is Generic Levitra Legitimate Kamagra Online Pharmacy canadian pharmacy cialis Achat Viagra Par Internet Buy Now Isotretinoin Oratane Viagra Livraison Express