Жемқорлықпен күрес – азаматтық міндет
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыйбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.
Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын Заң қабылдап, осы мәселе жөнінде халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр. Мемлекеттік тиісті органдар жемқорлықа қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның нәтижесі де бар. Олар баспасөз бетінде, теледидар мен радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіп жүр.
Бұл бағытта әлі талай жұмыстар атқарылуы тиіс. Сондықтан жемқорлықпен қоғам болып күрескенде оны еңсеретін боламыз.

Раджап САЛХАДИНОВ,
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
КММ заң консультанты