СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ПӘРМЕНДІ КҮРЕСУГЕ ШАҚЫРАДЫ
Елбасының Жолдауында заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударылған. «Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады делінген. Президент Н.Назарбаев айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Өйткені Конституция бойынша Қазақстан құқықтық мемлекет. Мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше. Құқықтық мемлекеттің өркен жаюына өзіндік кедергі, зиян келтіріп жатқан мәселе – жемқорлық.
Жақында ауданда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында өтіп, жалғасын тапқан шараға аудандық ішкі істер бөлімі басшысы полиция полковнигі Е.Сағидулла, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі, халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Ж.Тұсмағанбетов, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және жастар қатысты.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Жемқорлық індеті мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты, – деп айтқан екен кезінде ғұлама Аристотель. Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыс саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Әрбір қоғам дамуының күнгей жағы мен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Кездесуде жоғарыда аталған сала басшылары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарлама жасап, жемқорлықтың негізгі факторларын түсіндірді.
Шара барысында аудан тұрғындары аталған мәселеге байланысты сауал қойып, тиісті жауап алды.
Айдана МАРАТ