Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ


Қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Себебі, жеңұшынан жалғасқан жемқорлық атты індет салтанат құрған жерде адал бәсекелестік, тең құқылық туралы сөз қозғау, аза­мат­­­тардың ер­теңгі күнге де­ген сенімін қалыптастыру тіпті мүмкін емес. Біздің елі­­­міздің тәуел­­сіздік алғаннан соң бас­­­қа басым­дықтардан бұрын, ең алдымен құқықтық мемлекет құруды мақсат етуінің өзі осы кез келген саланың дамуын құқықтық жағынан мінсіз қамтамасыз  етуге  негізделсе  керек.    
Жемқорлық  әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде қоғамның рухани және құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың әділдігі мен тәуелсіздігі жемқорлықтың алдын-алу мен оны болдырмаудың маңызды тетіктерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп, емдейтін  сырқат емес. Айналасындағы  салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттерімен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі өз қолымызда.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу –жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасын оған қарсы тәрбиелеуден бастаған абзал.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет.
Сондықтан біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіргенде ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға  болады.

Ж.Жолдасов,
Сырдария  аудандық
сотының  судьясы,
Заңгерлер Одағының мүшесі     
25 қыркүйек 2018 ж. 2 479 1

Rickie от 30 мамыр 2025 10:12
Many thanks! Awesome stuff. casino en ligne Fantastic posts, Regards! casino en ligne francais Good posts. Thanks! casino en ligne With thanks, A lot of facts! casino en ligne You actually suggested that adequately! casino en ligne Nicely put, Thanks. meilleur casino en ligne Appreciate it, A lot of content! casino en ligne France Excellent stuff Many thanks. casino en ligne With thanks, I value it! casino en ligne With thanks. An abundance of info! casino en ligne