Жаудың екі ұшағын жойған жауынгер
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің әр нөмірінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кеңінен насихатталуда. Қан майданда өшпес ерлік көрсеткен жауынгерлер жайында тұрақты түрде мақалалар жарияланып келеді. Неміс басқыншыларына қарсы тұрған майдангерлердің ерліктерін ұрпақтары ұлықтауда. Адамзат баласына зор шығын әкелген сұм соғысты көзімен көрген әкем Сүйеубай Тасқынбаев жайлы мен де жазуды жөн көрдім.
Әкем Сүйеубай Тасқынбаев 1915 жылы (бұрынғы Бостандық жолы) қазіргі Қалжан ахун ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан әкемнің өмір жолы ғибратқа толы. Елде орын алған нәубет жылдары барлық адам айтарлықтай қиындыққа тап келді. Әкем қилы кезеңде анасы Бибігүлмен бірге Ташкент қаласына қоныс аударады. Ашаршылықтан аман қалу үшін талай тауқыметті бастан өткереді. Әкесі мен інісі ауыртпалыққа толы қиын-қыстау күндері із-түссіз жоғалып кетеді. Артынан қанша іздегенмен оларды табу мүмкін болмайды. Біршама жыл әкем Ташкентте болғаннан кейін елге оралып, Бостандық жолы колхозында тұрады. 1938 жылы әскери борышын өтеген ол соғыс басталған уақытта қан майданға аттанады. 1941 жылы Түркіменстан арқылы Каспий теңізімен Иран жеріне келеді. Мұнда жауға қарсы тұрып, Отан үшін кеудесін оққа тосады. Бұдан кейін Баку түбінде қайта жасақталған әскер қатарына қосылған майдангер Сталинградқа аттанады. Сондай-ақ Севастополь қаласын азат етуге қатысқан жауынгер жаудың әскери нысандарын және екі ұшақты жойып, ерлік көрсетеді.
Майдангер 1945 жылы Жеңісті Польша жерінде қарсы алады. 1946 жылы елге оралып, Бостандық жолы колхозына төраға қызметіне тағайындалады. Соғыстан кейінгі елдегі ахуалды қалыпқа келтіру мақсатында белсенді жұмыс жасайды. Кейіннен сол ауылда тұрақтап, зейнетке шыққанша бақташы болады. Зеңгі баба төлін көбейтуге бар ғұмырын арнайды.
Әке – асқар тау. Ер жүрек майдангердің бойындағы ізгі қасиеті артынан ерген ұрпақтарына үлгі өнеге. Менің де балалық шағым Қалжан ахун ауылында өтті. Қазыналы қарттарға оқушы күнімде «Рүстем-Дастан», «Алпамыс» жырларын жатқа оқып беретінмін. Әкем күріш еккен кезінде бауырларыммен қолғабыс етіп, еңбекке ерте араластық. Сонда «Родина» деп аталатын радиодан Шалқар арнасын тыңдайтын едік. Анам Файруза Татарстаннан қазақ жеріне келген. Ата-анам 10 баланы өсіріп аяққа тұрғызды. Үлкен өмірге қанат қақтырды. Бізге әкем кісі ақысын жемеуді үнемі айтып отыратын. Өзі бір сөзді адам болатын.
Бүгінде әкемнің әр жылдары алған мерекелік медальдарын сақтап келемін. Әкем Сүйеубай Тасқынбаев 1992 жылы өмірден өтті. Бүгінгі бейбіт өмір үшін жауға қарсы тұрған өшпес ерлігін біздер ұрпақтары ешқашан ұмытпаймыз. Ер есімін қашанда жаңғырту – перзентік парызымыз.

Мұхтар Тасқынбаев,
майдангердің ұлы
майдангердің ұлы