Ауылдардың дамуы – мемлекет басшысының тікелей назарында
Ауылдардың дамуы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әрдайым ерекше назарында. Мемлекет басшысының алғашқы Жарлығының бірі – Ауылдық аумақтарды дамыту концепциясы болғаны бекер емес. Сол Тұжырымдаманың аясында қыруар жұмыс атқарылды. Мыңдаған әлеуметтік нысан бой көтеріп, инфрақұрылым жаңарды. Бұл жұмыс қарқынды түрде жалғаса береді.Ауыл мен қала тұрмысы арасындағы алшақтықты жойып, ауыл халқының өмір сүру сапасын көтеру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда цифрландырудың маңызы зор. Алдағы үш жылда Цифрлық мемлекетке айналу жоспары ауылдарды да қамтитыны анық. Цифрландыру мен жасанды интеллект ауылдағы ағайынның тұрмысын арттыруда ерекше рөл атқарады. Ауыл әкімдері осы жұмыстың бел ортасында жүруі қажет. Форумда ол туралы да айтылды.
Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқарудағы кедергілер заңнамалық тұрғыда біртіндеп жойылып келеді. Мемлекеттік сатып алу процедурасы жеңілдетілді. Ауыл әкімдері үшін бір көзден сатып алу шегі ұлғайтылды. Бұл жергілікті проблемаларды шұғыл шешуге жол ашуда.
Ауыл әкімдерінің қаржылық дербестігі мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Бюджеттің төртінші деңгейі кеңейтілуде. Алғаш рет бірқатар салық түрлері тікелей ауыл бюджетінде қалатын болды. Бүгін осы салық түрлерін одан да арттыру жайы қозғалды. Кәсіпорындар өздері жұмыс істеп, табыс тауып отырған жерде салық төлеуі керек. Әділетті Қазақстан дегеніміз – осы. Мемлекет басшысы бұған баса мән берді.
Талғат Құламқадіров,
Шіркейлі ауылдық округінің әкімі,
«AMANAT» партиясының мүшесі










