Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Диалог-платформа ауылдық жерлерді дамытуға ерекше серпін берді

Диалог-платформа ауылдық жерлерді дамытуға ерекше серпін берді

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтті. Бұл жиынды бірегей деп сипаттауға толық негіз бар.

Біріншіден, барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдерінің басын қосқан мұндай ауқымдағы іс-шара бұрын-соңды ұйымдастырылған емес. Екіншіден, алқалы жиынға еліміздегі ауыл әкімдері түгелге жуығы, яғни екі мыңнан астамы қатысты. Ауыл халқының сенім мандатын иеленген бұл азаматтар ауылдарда тұратын 7,5 миллион адаммен тікелей араласып, жұмыс істейді. Үшіншіден, мұндай көріністі елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаның өміршең екенін әрі нақты нәтижеге бағытталғанын айқын дәлелдейді.

Сонымен, алқалы жиында ел Президенті ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады. Диалог-платформа жұмысына Сенат төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Премьер-Министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері, Парламент депутаттары мен саяси партиялардың басшылары қатысты.

Ауқымды іс-шара аясында ауылдарды өркендетуге қатысты алты панельдік сессия ұйымдастырылды. Осылайша диалог-платформа ауылдық жерлерді дамытуға, басқару жүйесін жаңғыртуға және әр деңгейдегі билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіруге арналған маңызды алаңға айналды.

Қанат Несіпбаев,
Шаған ауылдық округінің әкімі,
«AMANAT» партиясының мүшесі


03 желтоқсан 2025 ж. 59 0