МЕНІҢ ӘКЕМ
Әкем – тамырын терең жайған ағаш. Әке – баланың қорғаны. Менің түйсігімде әке туралы қалыптасқан ой осындай. Менің әкем – ең тамаша адам. Ол бізді өзінің махаббатына бөлеп, алақанына салып, төбемізден құс ұшырмай өсірді. Егер мен жарысқа кетсем болды, әкем сағат сайын үздіксіз қоңырау шалып тұрады. Ол кісі домбыра да тартады, сурет салады, тіпті тағамдар да жасай алады, ал ең басты беріліп істейтін жұмысы – кезкелген техниканы жөндейді. Өзі сондай сегіз қырлы, бір сырлы және де бойындағы жақсы қасиеттерді бізге де үйретіп келеді. Әкем бізге таза жүруді, өтірік айтпауды, адал болудың қыр-сырын үйретті. Сондықтан болар үйдегі кез-келген затты әкем келем дегенше өзіміз-ақ атқарып, жөндеп аламыз. Әкем біз үшін аянбай еңбек етуде. Әкемнің арманы бізді оқытып, өз армандарымызға жеткізу. Ол кісінің бір жақсы жері ешқашан біздің таңдауымызға қарсы келмейді. Бәріне түсіністікпен қарайды. Қашан да біздің пікірімізді біліп, бізбен санасады. «Өздерің сүйген мамандықты таңдаңдар», – дейді. Сонымен қатар, анамыздың көңіліне қаяу түсірген емес. Мен әкемді қатты жақсы көремін және осындай мейірбан, жақсы әкем болғаны үшін өзімді бақыттымын деп санаймын.
Ақнұр НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ,
7-сынып оқушысы
7-сынып оқушысы