Ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді
Ауданда төтенше жағдай кезінде халықты кеңінен әлеуметтік қолдау жүзеге асуда. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Айта кету керек, "Біз біргеміз" акциясы аясында «Абай Дәулет» ЖШС демеушілігімен Айдарлы, Аманкелді Жетікөл ауылының тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық жасалды. Әр ауылдан 20 отбасыға арнайы азық-түлік алынып, көмек берілді.
Өз кезегінде Айдарлы мен Жетікөл ауылының 10 отбасына "ОлжаАгроНұр" шаруа қожалығы қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл ретте аталған ауыл тұрғындары кәсіпкерлерге ерекше алғыстарын жеткізді.
"ТТ"-ақпарат