Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеміз

Мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеміз

Сезіміңді  айтып жанарың
Албарырап неге қарадың?
Онсыз да жалын жүректі
Кеттін-ау өртеп, қарағым деген өлең жолдары сонау 1996 жылдың көктемінде бір-бірін кезектірген Жамбыл мен Марияға арналып жазылғандай көрінеді.  Бұрын  екеуі мектепте жиі ұшырасатын. Бейтаныс жандай жігітке қыз мән бермейтін.
Бұлардың махаббат хикаясы  шағын кино түсіруге тұрарлық. Қалада оқуда жүрген ауыл қызы  көппен бірге  жан ұшырасып, автобусға мінеді.  Іші толған адам. Оның ішінде Жамбыл да болатын. Қасында тапжылмай тұрған жігітпен сол кезде Мария танысады.  Таныстық махаббатқа ұласып,  екі жыл уақыт бір-бірін тануға жеткілік болады. 1998 жылы  олар отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басады.
Жамбыл Кәрібаев пен Мария Балжанова мемлекеттік қызметте  еңбек етеді. Жауапты салада өзіңдік жолдарын қалыптастырған  кәсіби мамандар жұмысына адал.  Күнделікті  халықпен тығыз байланыс орнатып,  жұмыста белсенділік танытады. Жамбыл Серікбайұлы   ең алдымен  ауыл шаруашылығы бөлемінде  бас маман, аудан әкімдігінде жетекші маман болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда Қалжан ахун  ауылдық әкімдігінде бас баман болып жұмыс жасайды. Ал жары Мария бірнеше мекемеде табанды қызмет етеді. Бүгінде  ол аудандық мәслихатта бас маман қызметінде.
Жарасымды жұп бүгінде 2 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр.  
15 сәуір 2020 ж. 894 0