ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің өкімімен Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
А. Абдуалиев 1974 жылы туған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының оқытушысы ретінде бастаған.
Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жергілікті атқару органдарында жауапты басшы қызметтер атқарған.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.