Практикант қызға ғашық болған ағай
Бүгін елімізде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні атап өтіледі. Талай қиындық пен тауқыметті, шаттық пен қуанышты бірге өткерген жарасымды жұптар көпке үлгі. Үнемі шаңырақтың берекесін арттырып, шырайын келтірген олардың баянды бақытты кездері ерекше.Осы ретте «Тіршілік тынысы» сайтының оқырмандарына түрлі салада қызмет етіп жүрген жарасымды жұптарды ұсынбақпыз.
Онай» да емес ол сезім
Білемін бәрін,
Оңаша қалсаң, төгеді жүрегің жалын...
Дегенмен мәңгі біл-дағы есінде сақта
Іздейтін сені менің пәк жүрегім барын, – деп Әділ Ботпанов жырлағандай мәңгілік махаббатты ту еткен Құдайберген Ахметов пен Фатима Шадиева білім саласында табанды еңбек етті. Әрқашан бала бағбаны атанған ұстаздар ұзақ жыл бойы педогогикалық қызметте абырой биігінде болды.
Қос ұстаз №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде жұмыс жасайды. Құдайберген Ахметов техенология пәнінен сабақ берсе, Фатима Шадиева ағылшын пәнінің мұғалімі. Фатима апай бүгінде зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Ең алдымен практикадан мектепте өту үшін жолдама алған сұлу қыз жас жігітпен білім ордасында танысады. Ол кез 1980 жылы болатын. Ағаштан түйін түйін, темірден бұйым жасаған Құдайберген ағай өмірлік жарының жүрегінен жол табады. Сырбаз жігіт сұлу қызға сезімін білдіріп, ерекше ілтипат көрсетеді. Араға бір жыл салып, олар отбасын құрады. Биыл отасқандарына 40 жыл толған ардақты әке мен аяулы ана екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірді. Перзентері түрлі салада қызмет атқарады. Немерелері ата-әжесінің көз қуанышы.