Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды

Жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды

Елдегі төтенше жағдайдың әр отбасына оңай тиіп жатпағаны анық. Осы тұста Ел Президенті Қ.Тоқаев еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мемлекет үшін маңыздылығын, оны сақтап, қорғау жолында іргелі істердің атқарылып жатқандығын атап өтті.
Жаһандық індеттің ауыртпалығы қай елге де салмағы ауыр соққы болып тиюде. Сондықтан ең алдымен қазақ елінің жарқын болашағы үшін біз біртұтастығымыздан ажырамауымыз керек. Талай жылдар бойы ырысымызды арттырған ымырашылдығымыз бен бақытымызды еселеген берекеміздің құнын осынау сәтте де айқындауымыз қажет-ақ.
Бүкіл әлем күресіп жатқан індет аясында құр босқа байбалам салмай, бұл ретте оның жеңу жолында ғылым мен біліммен шұғылданған абзал. Қазіргі таңда осынау озық ойды әрқайсысымыз санамызға орнықтырып алғанымыз жөн.
Пандемия – бұл ақыр заман емес. Уақыты келе бұл да кетеді. Ол үшін ең бастысы бұл кезде халықтың тәртіпке бағынып, бірлесе іс атқаруы маңызды. Кездескен кез келген қиындық адамды шыңдайды. Жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды. Сондықтан дәл қазір ел болып жұмылып, халқымызға ғана тән бірлігімізді көрсететін уақыт
Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиетін ешқашан естен шығармау қажет. Расымен де, бабалар салған осынау сара жолмен қадам бассақ, біз ұлтымызға тән бірлік пен іріліктің бейнесімен бұл қиындықты да еңсеретініміз айқын. Берекесі таймаған, ырысы тарқамаған елдің алар асуы мен бағындырар шыңы мол болары сөзсіз.
Ендеше, баршаңызды халқымыздың амандығын сақтап, тәртіпке бағынып, қиыншылықты бірге еңсеруге шақырамын. Өйткені, бірліктің арқасында бағындырмайтын белес пен алынбайтын қамал жоқ. Бұл қағиданың нәтижесі қазақ елінің бүгінге дейін жүріп өткен жолдарында айқын көрініс тапты емес пе?!

Құдайберген Шыманов, 
Ақжарма ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы 
11 сәуір 2020 ж. 327 0